Научная библиотека ТарГПИ

«СӘБИЛЕР ҮЛКЕНДЕРДІҢ СӨЙЛЕНІСІН ЕСТІП ҮЙРЕНБЕЙДІ, ОЛАР МҰНДАЙ ДАҒДЫҒА ТУҒАННАН ИЕ»

Бұл тұжырыммен келісесіз бе?

Иә, Сіз қазір «Балалар сөйлеу дағдысына туғаннан ие болса, онда сәбилер неге бірден сөйлеп кетпейді?» деп қарсы сұрақ қоярсыз?

Танымал ғалым Стивен Пинкердің тіл табиғаты төңірегіндегі сауалдардың барлығына жауабы дайын.

 

Ғалым «Тіл – инстинкт» атты тіл білімі мен биология ғылымын ұштастырған туындысында «балалардың тілді меңгеруі өздерінің жеке жетістігі» дейді.

«Сәбилер үлкендердің сөйленісін естіп үйренбейді, олар мұндай дағдыға туғаннан ие. Испан нәрестелері мен кикуйу халқының балалары испан және кикуйу тілінде қолданылмайтын, тіпті ата-аналары ажырата алмайтын ағылшынның ba мен pa-сын ажыратады. Ағылшын тілін меңгеріп жатқан алты айға дейінгі сәбилер чех, хинди және инслекампксе (америкалық үндіс халқының бірінің тілі) тілдерінде қолданылатын фонемаларды ажыратады, алайда ағылшын тілінде сөйлейтін үлкендер бес жүз рет қолданған әрекетіне және университет дәрісханаларында бір жыл бойы оқыған әдістемелік жүйелі сабақтарына қарамастан бұлай жасай алмайды...».

Автор балалардың тілді ата-аналарына еліктеу арқылы меңгермейтінін дәлелдейтін бірнеше тәжірибені ұсынады. Соның бір классикалық мысалы – ваг тест. Мұнда тест тапсырушы балаға құсқа ұқсайтын мақұлықтың сұлбасын көрсетіп: «Бұл – ваг», - дейді. Содан соң сондай екі мақұлықтың суретін көрсетіп, қайта сұрайды. Төрт жасар бала ойланбастан бірден жауабын айтады, ал ересек адам тұйыққа тіреледі.

Кітапта тағы бір қызық тұжырым бар: «Балалар сөздердің орын тәртібін сирек шатастырады және 3 жасында қажет болған жерлерде сөйлем ішінде флексия мен көмекші сөздерді қолдана бастайды».

«Тіл – инстинкт» еңбегі тіл табиғатына шолу жасайды. Бұған дейін сіз оқыған тіл ғылымына арналған кітаптарға ұқсамайды. Неге? Себебі, автор оқырман сөзіндегі қатені іздемейді, идиомалар мен сленгтердің шығу тарихына тоқталмайды. Ғалым тіл табиғаты, адам миының биологиялық мүмкіндіктері, тіл ғылымының әлі толықтай зерттелмеген қалтарыстарына үңіледі.

«Тіл – инстинкт» туындысы «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының екінші кезеңінде қазақ тіліне аударылып басылды.

 
Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support


mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterСегодня22
mod_vvisit_counterВчера1200
mod_vvisit_counterНа этой неделе1222
mod_vvisit_counterНа прошлой неделе8312
mod_vvisit_counterВ этом месяце11646
mod_vvisit_counterВ прошлом месяце842
mod_vvisit_counterВсего1603317

Сейчас на сайте: 28
Ваш адрес 54.160.19.155
,
Дата: 2020-08