Научная библиотека ТарГПИ

Ұлттық аударма бюросы 2019 жылы 84 атау кітап аударып басты.

«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында екінші кезеңдегі 30 оқулық қазақ тіліне аударылып, баспадан жарық көрді. Қазір қазақ тіліне аударылып, басылып шыққан оқулықтар саны 47-ге жетті. Олар еліміздегі 132 оқу орнына таратылып, оқу бағдарламасына енді. Онлайн нұсқаларын «Қазақстанның ашық университеті» мен «Қазақстанның ашық кітапханасы» платформаларына жүктедік:

kitap.kz

Келесі ауқымды жобалардың бірі – «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасы. Қазақ әдебиетінің таңдаулы жауһарлары БҰҰ-ның 6 тіліне аударып басуға сол тілдерде сөйлейтін негізгі елдердің ең беделді баспалары мен ең тәжірибелі аудармашылары қатысты. Поэзия мен проза аталымдары бойынша 60 автордың шығармасы кірген антологиялар әлемнің 5 құрлығындағы 93 елдің ірі кітапханалары, оқу орындары мен әдеби орталықтарына жеткізілді. Жинақтарды электронды форматта Kitap.kz-ке орналастырдық:

«Сөздіктер» жобасы. Алғаш рет «Оксфорд әлеуметтік ғылымдар сөздігі» және «Оксфорд экономика сөздігі» қазақ тіліне тәржімаланды. Сондай-ақ 9000 сөзден тұратын «Қазақ тілінің кірме сөздер сөздігі» жарыққа шықты. Оған қоса, Оксфорд баспасымен бірге «Қазақ – ағылшын және ағылшын – қазақ» аударма сөздігі дайындалып жатыр.

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ ұсынысы бойынша «Бастауыш мектеп мұғалімі болу: ұстанымдары мен қағидалары» (Becoming a Primary School Teacher) және «Бастауыш мектеп мұғаліміне 100 идея: саралап оқыту» (100 Ideas for Primary Teachers: Differentiation) деп аталатын оқу құралдарын ағылшын тілінен қазақ/орыс тілдеріне аудардық.

«Қазақстанның ашық университеті» платформасы жаңа курстармен толықты:

✔ Порталымызда 150-ден аса курс бар;
✔ 3,5 мыңнан аса лекция, жалпы алғандағы ұзақтығы – 80 000 минут. Яғни, курстарды толық қарап шығу үшін сізге 2 айға жуық уақыт керек;
✔ Қолданушылар саны – 46 273;
✔ Лекторлар саны 120-ға жуық;
✔ Мультимедиалық дәрістерді дайындауға университет мамандары мен ғалымдары қатысты;

«Қазақстаның ашық кітапханасы» порталы жаңа 700-ге жуық кітаппен толықты. Ашық кітапханамыздағы кітаптар саны 6000-ға жуық. Ең басты жаңалық – Kitap және AudioKitap қосымшаларын жасап шықтық. Оны App және Google Market арқылы жүктеп алуыңызға болады:

https://apps.apple.com/ru/app/audiokitap/id1051643562

https://play.google.com/store/apps/details…

Бұдан бөлек, балалар тәрбиесі мен психологиясына арналған топтама, қазіргі әлемдік бестселлерлер мен іскерлік әдебиеттер және қазақ тілін үйренуге арналған оқулықтар қазақ/орыс тілдеріне аударылды.

Қазір «100 жаңа оқулық» жобасының кезекті лектегі 30 оқулығы аударылып, баспаға дайындалуда. Олар 2020 жылдың басында басылып, таратылады.

Келер жылдың жоспары өте ауқымды. Олар туралы парақшамызда хабарлап, толық ақпарат беріп отырамыз.

 
Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support


mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterСегодня315
mod_vvisit_counterВчера1201
mod_vvisit_counterНа этой неделе1516
mod_vvisit_counterНа прошлой неделе7461
mod_vvisit_counterВ этом месяце13337
mod_vvisit_counterВ прошлом месяце738
mod_vvisit_counterВсего1567962

Сейчас на сайте: 23
Ваш адрес 3.234.241.200
,
Дата: 2020-07